Нұрсұлтан ұстаз неге надан дүмше молда PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
20.11.2025 23:20

Нұрсұлтан ұстаз неге надан дүмше молда

(Видео лекциямды көріңіздер -  https://youtu.be/-ynPi69LSc8 )

Ит жоқта шошқа үрген заман болды, ұстаз деп көкке көтеріп жүргендердің бәрі надан дүмше молдалар халықты адастырып жүрген.

Құран мен хадистарда Аллаһ дінді жеңілдеттім дейді. Ал біздің надан дүмше молдалар дінді одан әрі қиындатып, елді діннен бездіруде. Не Құранда, не хадистарда намазда он екі парыз бар деген бір сөз жоқ, оны дүмше ғалымсымақтар шығарған. Хадиста намазды тұрып оқы, тұрып оқи алмасаң отырып оқы, егер отырып оқи алмасаң жатып оқы делінген. Бізге жеткен ондаған хадистарда Пайғамбарымыз алейхиссалям жолда сапарға шыққан кездерінде, не есектің, не түйенің үстінде келе жатып намаз оқығаны жайлы айтылған Құбыла жаққа қарамастан. Жануардың басы қай жаққа бұрылса, сол жаққа қарап намаз оқи берген. Әсіресе қараңғы түндерде. Дүмше молда Нұрсұлтанның ақша табу үшін елді умра мен қажылыққа апарып жүргенін білеміз. Мына өтірікші екіжүзді Нұрсұлтан ол жаққа бара жатқанда самолетте отырып оқиды беттерін Құбылаға тура қаратып, ал енді қайтқанда беттерін Қағбаға қаратпай, Алматыға қаратып, теріс қарап отырып оқи береді. Пайғамбарымыз алейхиссалям өмірінің соңғы күндерінде намазды отырып оқыған, артында түрегеп тұрып намаз оқыған сахабаларға егер имам намазды отырып оқыса, онда сендерде отырып оқыңдар деп бұйырган. Егер шындық іздесеңдер менің сайтыма кіріңдер, менің видео каналыма жазылыңдар.

Қорытындылай келе, бір ғана Аллаһ Тағалаға - әлемдердің иесіне шексіз мадақ! Аллаһ біздің пайғамбарымыз Мұхаммедті, оның отбасы мүшелерін, оның серіктерін және олардың соңынан ергендердің барлығын жарылқасын! Амин!

Сайт иесі - https://ummakz.kz -Мейрханов Мейрам.