Сопылардың кереметтерін жындар жасайды PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
20.11.2025 23:20

Сопылардың кереметтерін жындар жасайды

(видеолекцияны көріңіз - https://youtu.be/gQS1lHAhh0A )

Кейбір сопылардың пірлері ғажайып кереметтер жасайтынын бәріміз де білеміз. Олар халықты өзен жағалауына жинап, кейбір сиқырлы әрекеттерден кейін өзенді кері бағытта ағуына мәжбүрлейді. Осыны көрген білімсіз надан адамдар сопыны шын мәнінде өзенді кері бұрып ағызды деп сенедіде, оның үстіне өздері ойлап тапқан өзгеөтіріктерді қосып, халықтың арасына осындай ғажайып кереметтер туралы ертегілерді таратып жібереді. Бұл несонда?! Ештеңе емес, жындардың істеген істері. Сопылардың пірлері жындармен бірігіп жұмыс істейтінін көпшілік біле бермейді. Сопылар тек қана жындарының қатысуымен ғана кереметтер көрсете алады, жындарсыз олар жәй адамдар сияқты ештеңе істей алмайды. Жындар жиналған адамдарды гипноздайды, адамдар жаппай психозға ұшыраған кезде жындар олардың көз алдында әртүрлі елестер көрсетеді. Мұны галлюцинация деп атайды! Сол сияқты мюридтер өз ұстазына піріне қолын бергенде, олар да жындардың қатысуымен экстазға ұшырайдыда пірлерін шынымен аса қабілеттері бар деп ойлайды. Бұл кезде сопының бас жыны басқа жындымюридтің денесіне кіргізіп, экстаз болдыруға мәжбүрлейді. Дәлел ретінде бірнеше видео ұсынамын, біреуі сопылардыкі, қалғаны кәпірлердікі, бәріндеде жындар адамдарды есалаң етіп жүр экстазға түсіріп, билетіп. Сопыларға тиесілі барлық қасиеттер шын мәнінде тек жындарға тиесілі. Сондықтан сопылық - бұл шайтанның жолы! Сендер пірлерің мен жындардан қорыққанша, бүкіл әлемді солармен қоса жаратқан жалғыз Аллаһтанқорқып, өздеріңді Жаханнамның отынан құтқарыңдар!

Қорытындылай келе, бір ғана Аллаһ Тағалаға - әлемдердің иесіне шексіз мадақ! Аллаһ біздің пайғамбарымыз Мұхаммедті, оның отбасы мүшелерін, оның серіктерін және олардың соңынан ергендердің барлығын жарылқасын! Амин!

Сайт иесі - https://ummakz.kz -Мейрханов Мейрам.