Интернеттегі әйелдердің аураты PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
05.12.2025 18:17

Интернеттегі әйелдердің аураты

ВОПРОС: Ассаламалейкум Мейрам аға!

Өзімді мазалап жүрген сұрақтарым бар еді,  айналамдағы таныс мұсылман әйелдердіде осы сұрақтар мазалап жүр екен.
1)Инстаграмға өзімді, түрімді көрсетіп, сөйлеп  видеоға түсіріп жүргізуге боладыма, ешқандай музыка қолданбай, ерсі қылықтар жасамай, ұят заттар айтпай. Мысалы медицина, киім сату, мұғалім басқада услугаларды айтып инстаграмға шығуды қалай қарайсыз? Ниет жұмыс жасау, табыс табу, ондай ниетпен боладымекен? Немесе тек дауысты салып, қолмен бірдене жасап жатқанды түсіріп салса боладыма? Әлде дауыстыда, түрдіде, қолдыда көрсету харамба? 
Қазір хиджаб, тіпті никабтағы өте көп мұсылман әйелдер инстаграм жүргізіп, қытаймен бизнес, психолог, врач, мұғалім т.б саланы жүргізіп көтеріліп жатырғой.
Мен әзірге өзімді көрсетіп шықпадым инстаграмға,  тек жазумен жазып саламын сториес, пост, жұмысым өзіме жеткілікті  жақсы жүріп жатыр деп ойлаймын. Қасымдағы қыздар өзінді түсіріп,  инстаграмға сөйлеп шығып жүргізсенші, сол кезде оданда мықты көтерілесін деп жатыр.
2) Бір шейхтың видеосын көріп қалдым ютуб жүргізіп табыс табу харам деп айтып жатыр.Сенің жүргізген каналына, видеоларына ютуб харам рекламалар шығаруы мүмкін, казино, банк, арақ шарап, ашық шашық қыздардың сурет, видеосымен деп айтып жатыр. Қаншалықты ол дұрыс, немесе дұрыс емес. Ютубта Құран үйрететін каналдарда барғой мысалы.
а) Ютубта көңілді видеолар салып жүргізуге қалай қарайсыз. Еш пайдалы зат үйретпейді, тек асмр сияқты немесе қызықты жанрда видеолар.Біреулер жан жануарларды жуындырып, киіндіріп, тарап, тамақ беріп салып жатадығой.Қаншалықты ол дұрыс екен?
3) ИИ арқылы мульфильм құрастыру харамба? Тірі жанның бейнесін ИИмен жасау, адамдар, жануарлар дегендей. Немесе жансыз заттарды ғана жасап соларға көз, ауыз қойып ИИ анимация жасауға боламекен? Адамның, тірі жанның бейнесін жасаған күнә, кейін арғы өмірде оны тірілт деп сұрауы болады деп естіген едім.
Рахмет ағай жауап беріп жатсаңыз.

ОТВЕТ: уа алейкум карындасым!

1)Шариғат бойынша түріңді көрсетуге болмайды. Сол сияқты дауысыңда аурат болып саналады. Хиджаб киіп интернетте сайрап жүрген әйелдерге қарама, олар кейін Аллаһтың алдында жауап береді. Олардың иманы тілінің ұшында. Мен неше рет соларға ақыл айттым, надандардың миларының жеткені сол, мені аузымды аштырмай блокқа қойып тастайды. Бәрі өздерін елден ақылды, білімді санайды, қанша надан болсада. Интернетте программалар барғой жазған тексті дауыстап оқитын, соларды пайдалан. Ақымақ, надандарды тыңдама! Ризықты, байлықты тек жалғыз Аллах қана береді.

2)Шейх шатқан екен. Ютубтағы каналыңдағы рекламаны өшіріп тастауыңа болады, сонда ешкім реклама қоса алмайды. Мысалы маған көптеген адамдар, фирмалар ақша береміз, егер біздің рекламаны кіргізсең деді. Ешқайсысын қоспадым, рекламаны өшіріп тасдадым; ютубта қоса алмайды менің рұқсатымсыз.

a)Егер бос уақытың көп болса болады. Бірақ сол кеткен уақытыңды өзіңе, жан ұяңа, иманыңа, дінге арнасаң қандай жақсы болар еді.

3)Хадистарда айтылғандай, тірі жанның бейнесін жасау үлкен күнәлардың бірі болып табылады. Басқа проблемалардың бәрі бітіп осы ғана қалыппа еді?! Жоламайақ қойшы.