| Мұхиддин Исаұлы шірк жасауда надандығымен |
|
|
|
| Автор: Administrator |
| 07.12.2025 12:14 |
|
Мұхиддин Исаұлы шірк жасауда надандығымен (Видеоны көріңдер - https://youtu.be/cKrfYYgx8Oc )
Жақында ғана Мұхиддин Исаұлының надандығы мен дүмше молда екенін дәлелдеген едім, енді оның надандығы соншалық, шірк жасап жүргеніне тоқтала кетсем деп едім. Мұхиддин кітап жазып, Нұр Мүбәрак университетінде сол кітабын жылдам сатып ақша табу үшін тұсау кесерін жасапты. Ол жерде Нұр Мүбарәктің ректоры, Ақатаев және тағы басқа білімді ғалымбыз деп кеуделерін соққан бірнеше адамдар болыпты. Олардың бәрінің білімсіздігі мен надандықтары сонша, кітаптың жылдам сатылуы үшін бәрі бірігіп Аллаһтан дұға жасап көмек сұраудың орнына, кітаптарды қызыл лентаға орап, соны қайшымен кессе жылдам сатылып кетеді деп армандап жүргендерінде! Бұлардың бәрі Аллаһтың орнына қызыл лентаға сеніп, содан көмек сұрап шірк жасап жүргендерін ұғуға миларының жетпеулері үлкен сұрақтар тудырады, егер Нұр Мүбарактың аты шулы ғалымдары осылай жасаса, онда олар елге қандай білім беріп жүр деген сұрақ туындайды. Осыдан болар, Нұр Мүбаракты бітіргендердің көбі ақша табу үшін Құранды ақшаға үйретіп, Құранды ақшаға оқып, жын шығарамыз деп шайтанның артынан еріп кеткендіктері. Осыдан болар діннен ештеңе сезбейтін мешіттердегі дүмше имамдардың толып отырғандықтары.
Ақырында шексіз мадақтау тек Жаратқан Ие - дүниелердің Иесіне ғана! Құдай пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбарға, оның отбасы мүшелеріне, оның жақтастарына және олардың соңынан таза жүректермен еріп келгендердің бәріне жарылқаушы болсын! Амин! Сайт иесі - https://ummakz.kz Мейрханов Мейрам.
|



