Күйеу балаға неге ТӨС жегізген?! PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
23.03.2026 16:53

Күйеу балаға неге ТӨС жегізген?!

Ата-бабаларымыз күйеу балаға Төс жегізген. Неге деген сұраққа ешкім дұрыс жауап бере алмайды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Құран оқып отырған кезімде Аллаһ менің көзімді ашып, осы сұрақтың жауабын көрсетті. Мақтанғаным емес, мен осы сұрақтың жауабын тапқан бірінші адам болып есептелемін. Сондықтан менің жауабымды ұялмай иемденіп кетіп жүрмеңдер, маған сілтеме жасаңдар айтқан кезде. Аллаһ Құранда былай дейді: «Ал енді адам неменеден жаратылғанына қарасын. Ол төгіліп шыққан сұйықтан жаратылған. Ол, бел сүйек пен кеуде сүйектің арасынан шығады» (86:5-6-7). Мұсылман болған ата-бабаларымыз Құраннан осыны ұғып, ұрпақ болуына себеп болсын деген ойменен күйеу балаларына Төс жегізген. Төстің майы ерекше жаратылған, жәй майдай жүрегіңе тимейді қанша жесеңде, әрі тәтті, ұрықтың сапасын арттырады. Сондықтан жас жігіттер Төс жеңдер, маған рахмет айтудыда ұмытып кетпеңдер!

Ақырында шексіз мадақтау тек Жаратқан Ие - дүниелердің Иесіне ғана! Құдай пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбарға, оның отбасы мүшелеріне, оның жақтастарына және олардың соңынан таза жүректермен еріп келгендердің бәріне құтты болсын! Амин!

Сайт иесі - https://ummakz.kz Мейрханов Мейрам.